«Кемел елдің білімді ұрпағы»
«Кемел елдің білімді ұрпағы» атты соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын.
Мақсаты: Шығармашыл, бәсекеге қабілетті және «Мәңгілік ел» идеясынның құндылықтарын сақтайтын тұлға тәрбиелеу.
25.05.2018ж. күні мектеп-лицейіміздің үлкен спорт залында сағ.10.00-де мектеп-лицей түлектеріне арналған «Кемел елдің білімді ұрпағы» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынның негізгі мазмұнында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауы және елордамыз Астананың 20 жылдығы арқау болды.
Салтанатты жиыннның ресми қонақтары ретінде Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Толеубеков Абылхасым Оналович, Балқаш қаласының білім бөлімінің бас маманы Садвокасова Ольга Константиновна шақырылды.
Жалпы салтанатты жиынға мектеп- лицей ұжымы, ардагер ұстаздар, ата-аналар комиттері және 10- сынып ұжымы қатысты.
«Кемел елдің білімді ұрпағы» атты салтанатты жиынның І ресми бөлімінде мектеп бітіруші түлектерді салтанатты түрде мектеп ұжымы, ата-аналар тік тұрып қошеметпен қарсы алды.
Мектеп- лицей түлектерін Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Толеубеков Абылхасым Оналович құттықтай отырып, жетістіктеріне баса назар аударды,түлектерге ҰБТ-ны жоғары дәрежеде тапсыруына тілектес екендігін білдірді. Келесі кезекте сөз алған мектеп- лицей директоры Дубирбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы жас түлектерге ақ тілегін, ата- аналарға жылы лебізін білдірді.
Салтанатты жиынның ІІ бөлімінде 1-сынып оқушылары түлектерге «Сыңғырла,соңғы қоңырау» әнін және өлең жолдарын арнады. Мектеп-лицей түлектерінің атынан «Алтын белгіге» үміткер Мурзабекова Лаура мерекемен шын жүректен құттықтап, алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына алғысын үш тілде жеткізді.Одан кейін мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары өз лебіздерін көркем сөз оқу арқылы шынайы жеткізе білді. «Білім кілтін» табыстау рәсімі білімімен, өнерімен, өнегелі тәрбиесімен үнемі биіктен көрініп жүрген Мурзабекова Лаура,Қасқабайұлы Темірланға және Данықбаев Диасқа беріледі. Білім кілтін қабылдап алушылар 10 сынып оқушылары «Алтын белгі» үміткерлері Несипбаева Алуа, Кенжебекова Сымбат, Сессиева Томирис аманат ретінде «Білім кілтін» қабылдап алды.Түлектердің сынып жетекшісі Серикова Гүлбаршын Аманбековна сөз кезегін алып, оқушыларға жүрекжарды тілегін білдірді.Одан соң түлектердің алғашқы ұстаздарының атынан Рахимбекова Клара Ораловна құттықтау сөз сөйледі.11 сынып оқушылары ұстаздарына шашу ретінде «Арнау» әндерін заманауи стильде жеткізе білді.
Құттықтау сөз кезегін аяулы да, ардақты ата-аналар»дың атынан Мұқажан Алтынайдың әжесі, қадірменді әулеттің алтын құрсақты анасы Дахина Сара әжеге және жастар тәлімгері, ұстаз, ақын Ілияс Мұқайға берілді.
2-3 сынып оқушыларының «Қоңырау» биін орындау сәтінде мектеп- лицей түлегі Жақсыбеков Ілияс және 1А сыныбының үздік оқушысы Жарылғап Надира соңғы қоңырау соғу құрметіне ие болды. Мектеп-лицейдің «Назғұмыр» би тобы «Домбыра» биін мың бұрала билесе, «Шабыт» домбырашылар тобы «Балдырған» күйін нақышына келтіре орындады. Өз кезегінде сөз алған Сейділда Үміт,Жақсыбеков Ілияс, Қасқабайұлы Темірлан«Киелі мұра-домбыра» акциясы аясында мектеп – лицейдің «Қамқоршылық» кеңесінің шешімімен ата-аналар атынан 10 домбыраны сыйға тартты.Салтанатты жиынның ІІ бөлімі түлектердің қоштасу вальсімен және «Қош, менің мектебім!» атты әсем әнімен аяқталдыЖиынның ІІІ бөлімі мектеп ауласында жалғасын тапты. Мектеп бітірушілер ата-аналарымен бірге «Астана – 20 жыл» атты түлектер аллеясында дәстүрлі ағаш, гүл суару рәсімін жасады.Мектеп- лицей түлектері бейбітшілік құсын және тілек шарларын ұшырды. Соңынан естелік суреттерге түсті. Қорытындылай келе, түлектердің соңғы қоңырау салтанаты әсерлі болды.