«1 Мамыр-ынтымақ күні"
28.04.2018 ж. күні "Таңшуақ" шағын орталығының бүлдіршіндері мен мектепалды даярлық сыныптары арасында «1 Мамыр-ынтымақ күні" атты мерекелік іс-шара өтті. Бүлдіршіндерді ынтымаққа шақырып, достыққа, бірлікке, өз Отанын сүюге тəрбиелеу - мерекенің басты мақсаты болып табылды. Мереке барысында бүлдіршіндер əр ұлттың киімін киіп, билерін билеп, əдет-ғұрыптарынан шағын көріністер көрсетті. Əр түрлі тілде жаттаған тақпақтарын айтты. Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінгі таңда бірнеше ұлтты сүттей ұйытып отырғаны көпшілікке мəлім. Берекенің бастауы - бірлік. Еліміздің əлеуетін арттыратын да, биік белестерді бағындыратын да ауызбіршілік. Алдағы уақытта да, ауызбіршілігіміз жарасым тауып, татулығымыз арта берсін!
Дата: 3.05.2018, 12:55 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі