"Мамандықтар жайлы"

30.03.2018 күні А. Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжінде 9 сынып оқушыларына колледж мамандықтары жайында мағлұмат беру мақсатында кәсіби сынама өтті. Біздің мектеп-лицейдің 9А,Ә сынып оқушылары колледж оқытушыларымен кездесіп, оқу орнында әзірленетін мамандықтар жайлы мағлұматтармен танысты.