"Республикалық олимпиада"

2018 жылдың 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математика циклдері мектеп пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың ақтық сайысы өтті
Қарағанды облысының командасы құрамында «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің 10 «А» сынып оқушысы Кенжебекова Сымбат еліміздің ең мықты білімпаздары жиналған осынау білім бәйгесінде химия пәні бойынша өз бағын сынап келді. Сонымен қатар Республикалық олимпиадада ерекше жетістіктер көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды.