«Мәңгілік ел ұстаздары»

«Мәңгілік ел ұстаздары» атты жас мамандар байқауы
2018 жылдың 16 наурызында МДЖ сəйкес тəлімгерлік мектебі жəне тəлімалушы арасындағы колаборативті ортаны нығайту, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана қаласының 20 жылдығына орай мектеп – лицейде «Мәңгілік ел ұстаздары» атты жас мамандар байқауы өтті.
Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, ой өрісі терең, жаңашыл идеясы бар,креативті жастарды анықтау. Жас мұғалімдер алдын ала реттік нөмер таңдап, «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында эссе жазып тапсырылды.Байқау кезеңдерінде:
І. Өзін –өзі таныстыру( «Тəлімгерлер мектебі», «Коучер"
ІІ. «Болашаққа бағдарланған ұстаз» (жоба жəне «Start App" идеялар ұсыну
ІІІ.«Мектеп өмірі –менің өмірім» (оқушылармен шығармашылық жұмыс).
ІҮ.«Білікті маман – Ел тірегі» (жаңартылған білім беру мазмұны)
Әділқазылар құрамындағы ардагер ұстаздар, ата-аналар, мұғалімдер ең мықтыны анықтап:
«Бас жүлдені» - педагог-ұйымдастырушы,АӘД жетекші Қ.М.Рақымжановқа 
І орын – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.К. Кабдиманова
ІІ орын – аға тәлімгер Ж.Ш.Мейрам, дене шынықтыру пәні мұғалімі - Д.Т.Дәріғұл
ІІІ орын – технология пәні мұғалімі Д.С. Байтулеуова, мектеп алды даярлық тобының мұғалімі - А.Төретай, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Б.Усманова жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Алғыс хатпен марапатталған деп мамандар:
• Технология пәнінің мұғалімі - Г.Д.Қанат; 
• Ағылшын тілінің мұғалімі -А.А.Сагиндикова;
• Бастауыш сынып мұғалімі-Г.Д.Садыкова марапатталды.
Түйін: Байқауға 10 жас маманнан сұраныс түсті. Тағы бір ерекшелігі мектеп-лицей оқушыларының жас мамандарға командалық қолдау көрсетуі. «Мұғалім" мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға оң əсерін тигізді.