«Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде »
Наурыз айының 17-сі күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай 3-4 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдері Имухаметова Т.С. және Сейткалиева С.Н. ұйымдастыруымен «Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде » тақырыбында әжелер байқауы өткізілді.
Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету: әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану, баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 5 әже немересімен бірге қатысты.
Сайыстың шарты: 1. «Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
2. «Көтерейік көңілді өнерменен» (өнер сайысы)
3. Үй тапсырмасы (салт-дәстүрден көрініс көрсету)
4. «Білгенге маржан» (Сыр сандық» сұрақ - жауап сайысы.)
Сайыс барысында байқауға қатысушылар ережеге сай, бес кезең бойынша өнерлерін көрсетіп, түрлі сындардан өтті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнерлері де сараланды. Сонымен қатар қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Бесікке салу, тұсау кесер, байғазы беру сияқты көне дәстүрлерді қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа ол ардың тәрбиелік мәнін ашты.
Соңында әділ қазылар алқасының шешімімен үлгі-өнегесі мен шеберліктері бірінен-бірі өткен әжелер «Алтын оймақты әже мен өнерлі немере», «Парасатты әже мен талапты немере», «Шебер әже мен ақылды немере» т.б. номинацияларға ие болып, марапатталды.