«Ер Сұлтан мен Ақ Ару» сайысы

«Ер Сұлтан мен Ақ Ару» сайысы 
(9 – 10 сыныптар арасында сайыс)
2018 жылдың 16 наурыз күні 9-сынып ұжымы арасында «Ер Сұлтан мен Ақ Ару» сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен таныстыру. Олардың жүректерінде туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту. 
Сайысқа 9 «А» сыныбынан Нұрлан Ернұр, Бексұлтанова Мадина, 9 «Ә» сыныбынан Жайдарұлы Ануар, Тұрсынбек Әнел, 9 «Б» сыныбынан Бохан Ақжол, Ануарбекова Айгерім, 9 «В» сыныбынан Мухатай Аманрахим, Нурманберлиева Диляра қатысты. Сайыстың әділ қазы алқаларының мүшелерінде 6 «Б» сынып оқушысы Сейдіғаппар Айсұлудың әжелері Корган апа мен Несіпбала апа, кітапханашы Башарова Г.Т., Тілек Еркенұр 6 «Г» сынып оқушысы «Бұрымды - Ару» байқауының жеңімпазы,
«Бұрымды Ару -2018» жеңімпазы 9 «Ә» сынып оқушысы Ұзақбай Балғын болды.
Сайыстың өту барысы 5 кезеңнен яғни,бірінші кезең «Таныстыру», екінші кезең «Өз өнері», үшінші кезең«Сұрақ - жауап», төртінші кезең «Қол өнер» , бесінші кезең «Ас әзірлеу мәзірі» өтті. 
Сайыс соңында 9 «А» сынып оқушылары Нұрлан Ернұр мен Бексұлтанова Мадина жеңімпаз атанды. 9 «Ә» сыныбы оқушылары Жайдарұлы Ануар мен Тұрсынбек Әнел «Көрермен көзайымы» номинациясы, 9 «Б» сынып оқушысы Бохан Ақжол мен Ануарбекова Айгерім «Дәстүрлі жұп » номинациясы, 9 «В» сыныбынан Мухатай Аманрахим, Нурманберлиева Диляра «Өнерлі жұп» номинациясымен марапатталды.