«Талаптың мініп тұлпарын»
«Талаптың мініп тұлпарын»...
Қарапайым ғана қазақтың баласы... Қатардағы көп білім алушылар секілді қаламыздағы №15 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы... Болмысы, өзін-өзі ұстауы, адамдарға қарым-қатынасы, ортамен араласуы бәрі-бәрі қарапайым... Алайда, қаланың, облыстың ғана емес, тұтастай республиканың атын шығарып, қазақтың мерейін өсіріп, мәртебесін асқақтатқан талапты жас.
Интернет желісі арқылы ғарыш саласына қызығушылығы басым жас таланттарға қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің осы бағыттағы білімі мен білігін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі «Спутник» жас инженер-зерттеушілердің конкурсы Ресейдің Самара қаласындағы академик С.П.Королев атындағы зерттеушілердің ұлттық университетінде 5-11 сынып оқушылары арасында екінші жыл ұйымдастырылып отырған байқауға 11А сынып оқушысы Жақсыбеков Ілияс қатысты. Әлемнің әр бұрышынан қатысқан 7500 баланың ішінде екінші кезеңге тек 1500 жас зерттеушілер іріктеліп, біздің Ілияс та 25 сұрақ, 5 тапсырманы еш қиналмастан сәтті орындап шығып, негізгі 100 ұпайдың 96-сына дұрыс жауап беріп, байқауды жалғастыруға жолдама алады. Екінші кезеңде берілген төрт бағыттың біреуін таңдай отырып, өзінің шығармашылық жобасын жолдады. 2018 жылдың 5-6 наурыз аралығында Самара қаласында өткен байқаудың үшінші кезеңіне қатысып, Ілияс Самаралық Университеттің барлық мүмкіндіктерін зерделеді.Финалға өткен қатысушылар академик С.П.Королев атындағы зерттеушілердің ұлттық университетіне экскурсия жасап, аталмыш оқу орнындағы оқытушылармен, ғалымдармен кездесіп, сый-сыяпаттарын алды. Экскурсия соңында финалистерге қаланың мақтан тұтар, ең үлкен және әдемі мұражайына «Космическая Самараға» саяхат жасаған екен. Ильяс 7-28 сәуір аралығында болашақ инженер-зерттеушілердің тәжірибесін Қырымдағы «Артек» халықаралық балалар орталығындағы «Ғарыш әлемі» бағытындағы кәсіби пофильдік кезеңіне жолдама алды. Ілиясты жетістікке жетелеген энциклопедияларды ерте жастан қызыға оқып, кітапқұмарлығы деп білеміз.