«Тәрбиелі ұрпақ-тамырлы болашақ»
«Аяулы да, алтын нұрлы аналар!» атты ардагер ұстаз аналар,әжелер, іскер аналармен кездесу.
02.03.2018 күні мектеп-лицейдің даму жоспарына сәйкес Ү стратегия «Тәрбиелі ұрпақ-тамырлы болашақ» жоспары бойынша ардагер ұстаз-аналар, әжелер, іскер аналарды ұлықтау мақсатында «Аяулы да, алтын нұрлы аналар!» атты кеш болып өтті. Кеште «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының БАИ-дың аға оқытушысы, доцент, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Смагулова Казиза Ғабдоллақызы қала мектептерінің мұғалімдері және мектеп-лицей ата-аналары қатысты. 4-сынып оқушыларымен 1-наурыз -Қазақстан халықтарының алғыс күнін насихаттау мақсатында «Рақмет саған,Отаным!» атты интеллектуалды ойын сайысы өтті. Осыған орай Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу, алғыс айту мақсатында ұйымдастырылды.Интеллектуалды ойын «Дода», «Оқиға картасы» «Қисынсыз өлең», «Шын жүректен» сайысытарынан тұрды. Оқушыларға өздерінің Отаны туралы қаншалықты білетіндерін байқау мақсатында іс-шара барысында топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Әр топтық жұмыс критерийлер бойынша бағаланды. Топ жұмыстары «Басбармақ», «От шашу», «Құс тұмсығы» белгісі әдісі арқылы бағаланды. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Отанға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар дей келе кері байланыс жүргізілді. «Ризашылық» әнін барлығы бірге орындап,алғыстарын білдірді. Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында мектеп психологгы Ә.Акшалова ұйымдастыруымен «Мен бақытты баламын» атты психологиялық тренинг өтсе, көшбасшылар мектебінің оқушылары «Book Bingo», «Book Dingo», «Терминдерді анықта» атты танымды ойындар өткізілді. Смагулова Казиза Ғабдоллақызы жақсы тілек айтып, ысьық ықыласын білдіріп, аналарды, ұстаздарды, оқушыларды құттықтады. Кешке «Парасат» аналар-әжелер мектебінің мүшелері, жас аналар қатысты. Оқушылар анаға деген ыстық ықыласын әнмен өрнектеп, өлеңмен жеткізіп,жырдан шашу шашты қонақтарға өздері жасаған гүлдерін сыйға тартты. Кешті ұйымдастырушылар мектеп-лицейдің «Көшбасшылар» мектебі, «Серілер» ұлдар клубы, «Қыз Жібек» қыздар клубы.