«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз»

«Мамандықтар әлеміне жол ашамыз»

27.02.2018 күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында алдағы уақытта Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығында қажет және талап етілетін кәсіпті таңдаудағы оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру және қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне оқушыларды тарту, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» атты мектеп-лицейішілік конференция өтті. Конференцияға қонақ ретінде серіктес Балхашсервис колледжінің оқытушысы Р.К.Кайнолдина шақырылды. Нәтижесінде «Мен мамандықтар әлемінде» - әдеби байқауында 7А сынып оқушысы Айтказин Даниар І орын, Абзалбекова Аяулым ІІ орын, Берікжанова Дилана ІІІ орын иеленді. «Бұл - ғажайып мамандық әлемі» - көркемдік шығармашылық байқауында 8А сынып ұжымынан Аманбек Назерке ІІІ орын алды. «Осындай мамандық бар» презентация байқауында 8Б сынып оқушысы Жасұлан Ақмарал ІІІ орын, 8В сынып оқушысы Майқы Малика ІІ орын алды. Құттықтаймыз! Жауапты И.Ж.Жуматова.