«Экономика барлығы үшін»
17.02.2018 күні "Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі"КММ-де оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптастыру, жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру, «Экономика барлығы үшін» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қаржы сауаттылығы» күніне орай арнайы бағдарламаға сәйкес бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары әртүрлі кездесу, ашық алаң т.б форматта ұйымдастырылды. Қаламыздың кәсіпорындарынан, «Парасат» аналар мектебі, «Ұлағат» әкелер мектебінен де арнайы қонақтар шақырылды. «Экономика барлығы үшін» тақырыбында салтанатты саптық жиын өтті. Жиын барысында 8В сынып ата-аналар комитетінің мүшелері құттықтау сөз сөйледі.
4-сынып оқушыларымен «Экономика барлығы үшін» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қаржы сауаттылығы күні» бойынша оқушыларда қаржы туралы түсінік қалыптастыру, қоғам өміріндегі және адамдардың жеке өміріндегі қаржының маңызы жайлы түсініктерін кеңейту мақсатында бизнес мекемелеріне экскурсия жасалды. Экскурсия кезінде қаламыздағы «Сая» шаштаразына барды. Оқушылар шаштараз роліне еніп бір-бірінің шаштарына әртүрлі шаш үлгілерін жасады. Экскурсия барысында шаштараз мамандығына деген қызығушылықтары артып, болашақта шаштараз мамандығын таңдайтындарын білдірді. «Қоғамға қызмет етемін» жлбасы аясында мектеп- лицей шаңырақ топтары тағы да басқа кәсіпорындарға, үлкен бизнес мекемелеріне саяхатқа шықты.
7Б және 7В сыныптары арасында сынып жетекшілері Сапарова Г.Б, Токбулатова Г.Т. ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыруда кәсіптік бағдар бере отырып,қаржы сауаттылығын арттыру, кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығын ұғындыру, өз кәсібінің жемісін көріп отырған кәсіпкер еңбегін бағалау мақсатында «Кәсібің-нәсібің тақырыбында» кәсіпкермен кездесу өткізді.Кәсіпкер Махабаева Балауса Тулеубаевна бүгінгі таңда қаржы сауаттылығының өзекті мәселе екеніне тоқталып,оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, қиындығы мен қызығын айтып берді.Кәсіпкермен болған сұхбат барысында оқушылар кең көлемде мағлұмат алып, қызығушылықтарын білдіре отырып, өз ойларын ортаға салды.
9сынып оқушыларына «Қаржылық табыс» туралы фильм көрсетілсе, 8 сынып оқушыларының арасында тапқырлық, тез ойлау, экономикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында «Білім биржасы» интеллектуалды ойыны өткізілді. 5 кезеңнен тұратын бұл интеллектуалды ойында 8 сынып көшбасшыларының қаржылық сауаттылығы мен азаматтық ұстанымы артты. Сонымен қатар «Экономика барлығы үшін» жобасы жүзеге асыру аясында «Шеберлер қалашығы» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Робототехника «Болашақ инженерия» көрмесін де тамашалады.