Елбасы Халыққа Жолдауындағы мәлімдемесі
Қазақстан Республикасы Президенті дәстүрлі Жолдауға мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына талқылау мақсатында педагогикалық ұжыммен жиын өтті.
Елбасы Халыққа Жолдауындағы мәлімдемесінде 10 негізгі міндетті нақтылады. Соның ішінде 7-міндет: Адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты-білім беру мазмұнын жаңарту болса, оқушы тұлғасы мен педагог қызметіне деген көзқарастың өзгерген жаңа дәуіріне қадам бастық. Сондықтан, педагогтар мәртебесін көтеру – қоғамның басты назарында. Білікті ұстаз-жаңартылған білім беру мазмұны арқылы сапалы оқытудың кепілі болмақ. Мұғалімдер қауымының мәртебесін көтеру, қолдау, әлеуетін арттыруға басымдылық беріп отыр. Жарқын болашаққа деген сенімділік ұстаздар қауымының серпілісін арттыра түспек.
Қазақстан төртінші постиндустриялдық дәуірге қадам басты. «Цифрлы Қазақстан» технологиялық жаңғыртылуы – қоғамның барлық саласында негізгі басымдылыққа ие болуда. Елімізде қарқынды дамып келе жатқан технологияның бірі. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Сондықтан өскелең ұрпағын бүгінгі заман талабына сай еңбек етуге, білім алуға, түрлі жаңашылдықтарды жете қабылдап, сараптама жасауға үйретуде «Робототехника», «Үшөлшемді болашақ инженериясы» жобалары аясында іске асырылуда.
«Үш тұғырлы тіл» саясаты Даму стратегиясында айқын көрсетілген. Себебі, үш тілде білім беру – бүгінгі заман талабы, бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Елбасы биылғы Жолдауында үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесін іске асыруда жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері арнайы курстардан өтті. Осы бағытта мектеп-лицейде «Үштілділікті енгізу және аппробациялау» жобасы жүргізу көздеген мақсатқа жетудің алғы шарттарының бірі.
Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің әлеуетін арттыруда сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!» деген көшбасшымыздың шынайы ниетін іске асыруда бірлігімізді бекемдей түсуіміз керек.