Размер шрифта:

«Өмірге ИӘ деп айт!»

2018 жылғы 10 ақпан – 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт!» 
республикалық ақпараттық науқан аясында өткізілген іс –шаралар 
туралы
             
АҚПАРАТ 
 
Мектеп-лицейде 10 ақпан - 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт!»  республикалық  ақпараттық науқаны тұжырымдамаға сәйкес      ата-аналар,оқушылар,педагогикалық  ұжымдардың    қатысуымен  өтті.Тақырыпқа сай жоспар құрылып, І қабатта «Көшбасшылар» залында акцияға     арналған ақпарттық  стенд жасалды.
 
 
Ата-аналарға арналған  жадынама парақшалары таратылды.  «Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі!»атты дөңгелек  үстел 7-9 сыныптар арасында информатика пәнінің мұғалімдері: Д. Алиева, Э.  Айтимбетова ұйымдастыруымен  өткізілді. «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?»  «Кімге жүгіну керек?» «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!» тақырыбында 8 сыныптар арасында сұхбат-әңгіме  өткізілді. Ұйымдастырушы- сынып жетекшілер: Тулкина Д.М,Сатбек С.Оқушылар  өздеріне керек мағлұматтарды  мұғалімдерге сұрақтар қою арқылы алды. 
 «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме» тақырыбында 8 сынып арасында сұхбат әңгіме ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды жақсы –өмірге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден алшақтату. Әңгіме сұхбатты  ұйымдастырған  сынып жетекшілер: Кульбаева Б.Т,Серикова.7 сынып арасында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында флешмобты  ұйымдастырған денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Усманова Ж .
 
 
«Қауіпсіз интернет» тақырыбында 8 сыныптар  арасында фото конкурс ұйымдастырылды . Жауапты: Жуматова И.Ж«Әр бала қатыгездіксіз және зорлық зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында  5-9 сыныптар арасында сұхбат-әңгімені тарих пәнінің мұғалімдері Токбулатова Г.Т,Г.Б Асемхановалар дебат  түрінде өткізді. «Балалық шақ қорғалуда» атты  кітап көрмесін кітапханашылар Башарова Г.Т Тойшыбекова Б.Б өткізді.  Кітапхананың жас оқырмандары қазақ ақындары М.Мақатаевтың «Ана»,Ө.Тұрманжановтың «Кел балалар күлейік»,С.Қалиевтың  «Біз шадыман баламыз»  атты кітаптар оқыды.Кітапхананың кіші сынып оқушылары ертегі кітаптарды дауыстап оқып бір-біріне  түсінгендерін айтты. Оқушылар бір-біріне мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар айтып,кітаптың өмірде маңызды роль алатынына көз жеткізді.
 
«Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді.Тәрбие сағатында оқушылардың  тәрбиесі ,өмірден алатын рахаты,өмірді қалай сүру,қалай жақсы жағымен өткізу туралы әңгіме талқыланды. «Интернет досың және жауың» 5-11 сыныптарға видеороликтер көрсетілді.Информатика пәнінің мұғалімі  Д.Алиева ұйымдастырды.
 
Мектеп – лицейдің қадағалаудағы және есепте тұрған оқушылармен және олардың ата-анасымен жеке жұмыстар жүргізілді. «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?», «Балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі  іс-әрекеті» және «Ата-ана бақылауы» жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға интернеттегі желелілерде балалардың  ой санасын бұзатын әр түрлі қауіпті ойындардың белең алып жатқаны жайлы баса  айтылды. Жиналысты М.Амирханова, Д.Алиева  өткізді.
 
«Мен бақытты баламын» психологиялық тренинг 7-8 сыныптар арасында Акшалова А.Т,Төретай Ә  ұйымдастыруымен болды. Тренингке мектеп-лицей директоры Дубирбекова К.Ш және қонақтар,  ата-аналар қатысты.
«Сен жалғыз емессің!» тақырыбында  шұғыл көмекке және қорғалуға мұқтаж балаларды анықтауға бағытталған 9 сынып арасында  алғашқы жедел көмек өткізілді, жауаптылар:медбике  Аткельтирова М.С, мектеп – лицейдің АӘД жетекшісі :Рақымжан Қ.
 
 
Телефондар мен компьютерлерде ата-ана бақылауы бағдарламаларын қолдану мәселелері  бойынша М.Амирхановасайтқа тіркеді  «Өмірге ИӘ деп деп айт!» республикалық ақпараттық  науқан БАҚ газетіне жарияланды. Барлығы қатысқан ата-аналар саны - 15 , мұғалімдер саны – 29 ,  оқушылар саны- 920.Жалпы қатысушылар саны:964.