«Әр бала қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы»

«Әр бала қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы»

«Әр бала қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы»  атты  сұхбат-әңгіме  сабағының

Ақпараты

 Балқаш  қаласының  №15  мектеп-лицейінде 02.03.2018 күні  елбасымыздың  рухани жаңғыру аясындағы  «Әр бала қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында  6 және 8 сыныптар арасында сұхбат-әңгіме сабағы өткізілді.Сұхбат-әңгіме сабағын өткізген тарих пәнінің мұғалімдері жоғары санатты Асемханова Гүлнар Базылханқызы және Токбулатова Гульназ Темирхановна.

          Сұхбат-әңгіме сабағының мақсаты, кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті,бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.Оқушыларға өзі жүрген орталарында мейірімді болуға,бұзақылық істерге  бармауға,адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне  тәрбиелеу.

         Сабақтың барысы, а)Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын, ә) Балалар құқығын қорғау, б) Білімді ұрпақ ел ертеңі(сұрақ-жауап) бөлімдері бойынша  пікірлесу,сұрақ-жауап ретінде  өткізілді.

       Сабақты  оқушылар психологиялық тренингпен бастады.Оқушылар дөңгелене   қол  ұстасып  тұрып, бір-біріне мейірімді жылы сөздер айтты.

          Сабаққа  8А,8Г және 6А сынып оқушылары: Камила,Әрсен,Айнұр,Жалғас, Толқын, Әділжан, Мадина, Айдар, Жанель, Жанерке, Уали, Олжас, Дамир   тақырыпқа сай өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсене қатысып отырды.

Қорытындыда, салауатты өмір салтын насихаттау  мен балаға құқықтық  білім  беруді  мемлекет өз саясатының басым бағыттарының  бірі  деп  танып, балаларға  қамқорлық жасау, баланың абыройы  мен  құқықтарын құрметтеу --  бұл тек  мемлекеттің  ғана емес,сонымен қатар жекелеген  әрбір  адамның  міндеті  екендігі  айтылды.