«Шын жүректен алғыс айтамын »
Бүгін, 1 наурыз - Алғыс айту күні. Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді.
Біздің № 15 мектеп – лицейімізде «Шын жүректен алғыс айтамын » – атты Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - сыйластық, құрметтілік, отанға деген сүйіспеншілік, бірлік, мейірімділік, адалдық және әділдік деген қасиеттерді оятып, нығайту.Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаз Силуянова Надежда Николаевна, ағалшын тілі пәнінің мұғалімі Гурьянова Марина Геннадьевна және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Серикоава Гүлбаршын Аманбековна шақырылды. Құрметті қонақтар қазақ еліне, халқына деген ризашылығын танытып, қуанышымен бөлісті. Шара барысында балалар мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтты.