Размер шрифта:

Жаратылыстану-математика кафедрасының онкүндігі аясында информатика пәні бойынша өткізілген іс-шара

Жаратылыстану-математика  кафедрасының онкүндігі аясында  информатика пәні бойынша өткізілген іс-шара

Жаратылыстану-математика  кафедрасының онкүндігіаясында  информатика пәні бойынша өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

 

Халық даналығындағы мына бір ұлағатты сөзді әрбір ұстаз өмірлік ұраны етіп қалыптастырар болса, біздің елде сауатсыз шәкірт болмайды «Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылдығын ойлаған ұрпағын тәрбиелейді».Қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық -коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім болып, өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы бар, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру мақсатында  он күндік аясында іс-шаралар өтті.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің мектептері өзгерістер мен реформалар алдында тұр. Сонымен бірге 12 жылдық білім беу үдерісіне көшу, білім беруді әлемдік стандартқа жақындату секілді маңызды мәселелер тұр. Сол себептіде  мұғалімдер алдында тұрған мәселе-білім бере отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыру. Осы орайда жаратылыстану-математика  кафедрасының онкүндігі 19-29  ақпан аралығында өтті.  Онкүндікте жоспар бойынша информатика пәнінен ашық сабақ, пікір талас, интеллектуалдық ойын, мектепішілік оқушыларға арналған семинарлар, оқушылар арасында түрлі байқаулардың мектеп-лицейішілік жарысы ұйымдастырылып өтті.

 

Іс-шара атауы

Жауапты

Сыныбы

1

«Білім беру ресурстарын білім алуда оңтайлы пайдалану»  оқыту семинары

Омаров С.К.

9 сыныптар

2

  1. LEGO «Сумо» жарысы
  2. LEGO «Лабиринт»
  3. LEGO Еducation жинағымен макеттер әзірлеу
  4. «Тышқан» роботы

Совет А.Д.

3-6 сыныптар

3

«Future IT» интеллектуалды ойын

Алиева Д.Б.

5-6 сыныптар

4

«3D-модельдеу және анимация» ашық сабақ

Қасым Н.

10 сынып

5

Облыстық «Болашақтың инженерлері» компьютерлік модельдеу байқауына мектеп-лицейішілік іріктеу жарысы

Омаров С.К.

7-8 сынып

 

 

І бөлім-  жоспар бойынша 9-сыныптарға оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгертуге бағыттау мақсатында  №216 оқу бөлмесінде информатика пәнінің мұғалімі С.К.Омаровтың ұйымдастырылуымен  «Білім беру ресурстарын білім алуда оңтайлы пайдалану»  оқыту семинары өтті. Семинар барысында оқушыларға АКТ құзыреттілігін тиімді пайдалану, ұялы телефонның ұтымды мүмкіндіктері,  ғаламтор желісіндегі ақпараттарды білімін жетілдіруге қалай қолдануға болады, білімін арттыру үшін қандай сайттармен, электронды ресурстармен  жұмыс жүргізуге болатыны турал ақпарат айтылып,  көрсетілді. Оқушылар оқыту семинары барысында өз ойларын ортаға салып білімі мен біліктіліктерін жетілдіруде қандай сайттармен қосымша жұмыс жүргізіп отырғандарын атап бір-бірімен ақпараттарын алмасты. Семинар соңында оқушылар «SUCCESSFUL STAIRS» технологиясы арқылы семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

 

ІІ бөлім– қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына , қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттардың бірі робот техникасы болып табылады. Осы  орайда мектеп-лицейімізде арнайы оқу бөлмесі жабдықталды. Аталған жоспарға сай курс жетекшісі А.Д.Советовтің ұйымдастырылуымен 3-6 сынып оқушылары арасында көктемде болатын  IV Халықаралық  робототехника фестиваліне оқушыларды қатыстыру мақсатында робототехникадан мектеп-лицейішілік 4 жарыс түрі өтті. Яғни:

  1.  LEGO «Сумо» жарысы
  2. LEGO «Лабиринт»,
  3. LEGO Еducation жинағымен макеттер әзірлеу
  4. «Тышқан» роботы 

Робот техникасы бойынша конкурстар мен сайыстарға қатысу балаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа құлшындырады, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

 

ІІІ бөлім-информатика сабағы десе бірден компьютер, онда өлең тыңдау немесе ойын ойнау деп қана түсінуге болмайды. Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Осы орайда информатика пәні мұғалімі Д.Б.Алиеваның ұйымдастырылуымен5-6 сыныптар аралығында оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Future IT» интеллектуалды ойыны өтті. Интеллектуалды ойын барасында оқушылар екі топқа бөлініп, өте белсенді қатысып берілген логикалық тапсырманы, сөзжұмбақ, ребустарды, компьютерде практикалық жұмысты, ағылшын тілінде терминдік сөздерді қолданды.Логикалық және функционалды сауаттылыққа арналған  сұрақтар оқушылардың қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыра түсті. Нәтижесінде «Талапкер» тобы І орын иеленді. «Сұңқар» тобына қатысқаны үшін алғыс хат берілді.

ІV бөлім- мектеп-лицей оқушыларының ғылыми-техникалық шығармашылығын жетілдіру және ынталандыру, білім алушылардың әлеуетін дамыту, оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыру мақсатында «Болашақтың инженерлері» атты облыстық жобасына қатысу мақсатында мектеп-лицейішілік «Үшөлшемді компьютерлік модельдеу» байқауы өтті.

         Сайыс оқушылардың  PTC Creo Parametric бағдарламасына инженерлік, үшөлшемді модельдеуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайыстың негізгі міндеті -  автоматталған жобалау жүйесін үйрену деңгейін арттыру, дарынды оқушыларды анықтау болды.  Мектеп-лицейімізден 12 бала өзінің жобасын дайындап , іріктеуден  6 жұмыс ең үздік деп таңдалып облысқа жолдама алды.

 

V бөлім -  модельдеудің жаңа әдісімен таныстыру, практикада жасалған бөлшекті зертханада іске асыру , бөлшектің үш өлшемді үлгісін жасап үйрену  мақсатында  Н.Касым 10 «А»  сыныбына «3D-модельдеу және анимация» тақырыбында жоспарға сай ашық сабақ өткізді.Білім алушыларды заман талабына сай жан - жақтылыққа үйрету, жеке іскерлік қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу бағытында өткен ашық сабақ мазмұнды, жаңашылдығы жағынан қызықты өтті. Сабақта қолданылған АКТ технологиялары сабақтың көркін , мазмұнын аша түсті. Сабақ барысында: airserver, қар ойыны , 3D қалам, kahoot, prezi технологиялары қолданылды.