«Зиялы сенбі»
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына
29 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерімен
«Зиялы сенбі» кездесуінің
АҚПАРАТЫ
10.02.2018 ж. күні мектеп-лицейде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына29 жыл толуына орай«Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі» тақырыбында дәстүрлі «Зиялы сенбі» кездесуі өтті.
Өткен күннен ағалар ерлігі ұрпаққа өнеге. Сол кездегі ағалар ерлігі, қазіргі жас жеткіншекке, патриоттық тәлім-тәрбиеге баулитын бірден бір сабақ. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсатымыз:оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Зиялы сенбі кездесуінің қонағы Ауған соғысының ардагері,мектеп-лицейдің«Ұлағат» әкелер кеңесінің басшысы, қалалық Ауған соғыс ардагерлерінің ұйымдастырушысы Аязбаев Мұрат Жолдасбаевич.
Жұбайы: Рахимова Мадина Сатыбалдиновна
Балалары: Жолдасбаева Айнұр – мектеп-лицей түлегі, Жолдасбаева Сабина
8 «Ә» сынып оқушысы, Жолдасбаев Али – «Таңшуақ» шағын орталығының тәрбиеленушісі. Балалары мектеп-лицейде білім алып жатқанын мақтан етеді. Мерейлі отбасы,үлгілі, бақытты жанұя.
Кездесу барысында оқушылар Мұрат Жолдасбаевичқа өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мазмұнды жауаптар алды. Сонымен қатар, ардагер, батыр гитарада шебер ойнап, әндерін оқушыларға тарту етті.
Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін,- дегендей, талмай-тынбай жасаған еңбегі үшін, ардагердің отбасына амандық, еңбегіне жеміс тілей отырып, мектеп-лицей педагогикалық ұжымы , оқушылары, мектеп-лицейдің «Серілер» ұлдар клубының атынан Төкен Болат қонағымызға алғыс білдіріп, гүл шоғы мен алғыс хат тарту етті.