52-ші олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

52-ші олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

2018 жылдың 11 қаңтар күні Оқушылар сарайында 9-11 сыныптар арасында Республикалық 52-ші олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатында олимпиадада қоғамдық - гуманитария бағыты мен жаратылыстану-математика бағытында 1 орын алған оқушылар марапатталды. Облыстық ғылыми жобалар сайысында 3 орын алған мектеп-лицейдің 10 «А» оқушылары Кенжебекова Сымбат пен Сеесиева Томирис Start Up бойынша «Мы за здоровую школу» жобасымен өз йиогурттарының маркасын ұсынды. Олимпиаданың облыстық кезеңінде жеңіске жеткен оқушыларды ұлықтады. 10 А сынып оқушысы Кенжебекова Сымбат химия пәнінен 2 орын, химия пәні мұғалімі Ахтанова Б.Б, 10 А сынып оқушысы Несипбаева Алуа физика пәнінен 3 орын, физика пәні мұғалімі Мейірбекова А.С., 11 А сынып оқушысы Данықбаев Диас химия пәнінен 3 орын, химия пәні мұғалімі Ахтанова Б.Б, 11 А сынып оқушысы Мурзабекова Лаура биология пәнінен 3 орын, биология пәні мұғалімі Бакытқызы П., 11 А сынып оқушысы Тамабаева Күнасыл орыс тілі пәнінен 2 орын, орыс тілі пәні мұғалімі Сатенова Ш.Ш. Мектеп-лицейіміз қала бойынша инновациялық мектептер арасында 1 орынға ие болды. Мектеп-лицей қоржынында 42 медаль: 12 алтын, 16 күміс, 13 қола медаль. Жеңісті күндеріміз көп болсын!