«Туған жерге туыңды тік!»

«Туған жерге туыңды тік!»

«Туған жерге туыңды тік!»

 атты 11.01.2018ж  күні өткен мектеп-лицей түлектерімен кездесу

АҚПАРАТЫ

Жоғары, арнайы орта, кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында №15 мектеп-лицей қабырғасынан білім алып,  қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында түлектер мектеп-лицей оқушыларына әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары және өздерінің оқу орындары туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ  мектеп-лицей оқушыларының мамандық таңдауына көмек болар деген мақсатпен кездесуге түрлі оқу орындарының ұстаздары шақырылды.

Мукашбекова Толқын Муратовна – «Балқаш сервис колледжінің» информатика пәні мұғалімі

Бакенов Азамат Тусупбаевич – «Балқаш сервис колледжінің» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

«Балқаш политехникалық колледжінен» :

Адамбаев Жәнібек, Болат Елдос, Сағадин Нуридин қатысып, өздері білім алып жүрген оқу орнымен таныстырып, мамандық түрлеріне тоқталып өтті.

Бұл кездесу барысында  мектеп-лицей оқушылары түлектердің жақсы қасиеттерін , озық қабілеттерін  үлгі етіп, оқуға, білімге деген құштарлығы мен мамандық таңдау барысындағы жауапкершілікті сезінді деген ойдамыз.