«Балалар болашағымыз»

«Балалар болашағымыз»

«Балалар болашағымыз» атты семинар

10.01.2018ж  күні «Балқашқаласы №15 мектеп-лицейінің» ата-аналарына арналған «Балалар - болашағымыз» атты семинар-тренинг болып өтті.

   Семинарды «Бақытты отбасы» сайтының жүргізушісі, отбасылық коуч-тренер Елжас Ертайұлы жүргізді.

    Коуч-тренер семинар барысында бала - қоғамдағы проблеманың көзі емес, керісінше, өзіне тән өмірібар қоғамның бір бөлшегі деп қарау қажеттігін түсіндірді. «Ең күшті ата-ана», «Ең әлсіз ата-ана», «Мақтаншақ ата-ана», «Өзімшіл ата-ана», «Уайымшыл ата-ана» ұғымдары туралы сөз қозғап, аталған ұғымдарға жан-жақты түсініктеме берді. Бала тәрбиелеу әдістерінің заманауи үлгілеріне тоқтала отырып, біршама кеңес берді.

    Ата-аналар тақырыпқа  байланысты  сұрақтар  қойып, Е.Ертайұлы тарапынан тұшымды жауаптар алаалды.

    Бала тәрбиесіне байыппен  қарайтын  әрбір ата-ана  үшін   семинар-тренингтің берері мол  болды.