Жаңа жыл мерекесі
2017-2018 оқу жылында желтоқсан айында «Таңшуақ» шағын орталығында «Қызғалдақ» 2-ші кіші топ, «Түймедақ» ортаңғы топ, «Раушан» ересек топ, және 1,2,3,4-мектепалды даярлық топтар арасында Жаңа жыл мерекесі өтті. Онда 2-кіші топтың балалары Аяз ата, шырша туралы тақпақтар айтып, «Шырша жыры», «Аяз ата», «Әппақ, әппақ жапалақтап» атты өлеңдер айтып, «Сайқымазақ», «Ақшақар» билерін билеп, «Сылдырмақ жинау», «Қолғап», «Қар лақтыру» ойындарын ойнады. Балалар мерекеде Сайқымазақ, Түлкі, Аяз ата, Ақшақар, Тауық жылы мен Ит жылымен бірге мерекені қызықты өткізіп, Аяз атадан сыйлық алды.
Ал «Түйиедақ» орта тобы, «Раушан» ересек тобы және 1,2,3,4-ші топтар жаңа жыл мерекесіне арналған театр қойылымын тамашалады. Балалар Аяз атаға өз өнерлерін көрсетті. «Түймедақ» орта топ балалары аяз ата биін билеп, «Раушан» ересек топтары флешмобқа биледі.
Ал мектеп алды даярлық топтарында 1-ші топ флешмоб биін, 2-ші топ «Ақшақар» биін, 3-ші және 4-ші топтың балалары қосылып «Пингвин мен аққала» билерін биледі. Балалар шыршаны айналып өлеңдер айтып, Аяз атадан сыйлықтар алып мерекені көңілді өткізді