«Тәуелсіздік – бұл елімнің елдігі!»
«Тәуелсіздік – бұл елімнің елдігі!» атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты саптық жиын
АҚПАРАТЫ
15.12.2017ж күні мектеп-лицейде оқушылардың бойында патриоттық тәрбие мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне деген сенімділіктерін ояту мақсатында «Тәуелсіздік – бұл елімнің елдігі!» аттысалтанатты саптық жиын ұйымдастырылды.
Қатысушылар категориясы: мектеп-лицейдің ардагер ұстаздары, мектеп-лицей түлектері, ата-аналар комитеті, педагогикалық ұжым, мектеп-лицей оқушылары.
Мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дубирбекова және ардагер ұстаз Силуянова Н.Н. қонақтарды құттықтап, оқушыларды жетістіктерімен марапаттады.
Ұйымдастырушы 9 «Ә», 9 «Б» сынып оқушылары Алаш арыстарының бас қосу сәтінен үзінді көрсетіп, «Жасасын, Алаш!» деп ұрандаған қазақ зиялыларының тарихына бір шолу жасады. 5-6 сынып оқушыларынан құралғанүгіт-насихат тобы көпшілікке өздерінің тәуелсіздік күніне арналған өлең жолдарын ұсынды.
«Мен елімнің патриотымын»атты тақырыппен жоғарғы сынып оқушылары салтанатты саптық жиынды аяқтады.