«К дыбысы мен әрпі »

«К дыбысы мен әрпі »

2017 жылдың 6- желтоқсаны күні білім бөлімнің ұйымдастыруымен «Балқаш қаласының №15мектеп –лицейінде 1 «А» сыныбында сауат ашу пәнінен «К дыбысы мен әрпі » тақырыбында Толеуова М.М. қаламыздың жас мамандарына қалалық ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: заттың атын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану болды. Сабақ барысында мұғалім саралаудың : дереккөз, диалог және қолдау көрсету, жіктеу, тапсырма, саралаудың қорытынды тәсілдері ұтымды қолдана білді.«Белсенді оқыту» әдісін қолдану арқылы оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстарының тапсырмаларын нәтижелі орындады. «Кіру билеті» стратегиясын, «Белсенді оқыту» «Адасқан сөздер» және «Кофе» әдістері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятты. Сабақ барысында бағалаудың түрлі әдістерін пайдаланды. . Осындай оқытудың инновациялық әдіс –тәсілдері сабақтың нәтижесінен көрінісін тапты.