«Зиялы сенбі»

«Зиялы сенбі»

«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ

7 «Б» сыныбы ұжымы мен сынып жетекшісі Сапарова Г.Б ұйымдастыруымен өткен «Зиялы сенбі» кездесуінің

АҚПАРАТЫ

        18қараша 2017жыл. «Ұстаз-халық анасы»тақырыбында ұйымдастырылған «Зиялы сенбі» Білім саласында ұзақ жылдар қызмет еткен, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, ардагер ұстаз Несіпқайша Ғылымжанқызымен оқушыларды кездестіріп, үлгі-өнегесін алу мақсатында өтті.7-9сынып оқушылары қатысып, ардагер ұстазбен сұхбаттасып,сұрақ қойып, тағылымды сөздерін тыңдап үлкен әсер алды.Елбасының «Рухани жаңғыру»мақаласы аясында ұйымдастырылған шараның оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор болды.Оқушылар  заман талабы үш тілді меңгерумен бірге француз тіліне деген қызығушылықтарының жоғары екенін ойын барысында көрсете білді.Ол кісінің еңбек жолынан видеоролик көрсетіліп, Канатбекова Аяулым өзінің ұстазына деген сезімін эссе оқу арқылы жеткізді.

Сұхбат барысында Несіпқайша Ғылымжанқызы оқушылардың қойған жастық шағы, алғашқы ұстаздық жолындағы қызықтары мен киындықтары туралы   сауалына жауап беріп, оқушыларды қызықтыра білді.Сондай-ақ арнайы оқушылар үшін дайындалған үй тапсырмасы барысында 9Ә сынып оқушылары сурет қиындыларын құрастырып, сол сурет бойынша түйінді сөз айтты.Қорытынды бөлімінде үгіт-насихат тобы үш тілде ұстаз туралы өлеңдерін мәнерлеп айтып, француз тілінде ән айтты.

Мектебіміздің ұстазы Кабдиманова Аяжан француз тілі пәнінің қыр-сыры туралы ардагер ұстазбен сұхбаттасып, ойын ортаға салды. Ұстазға деген ризашылық сезімін білдірді.

Соңында Әлібай Мадина  «Бәріміз бірге» әнін орындап, оқушылардың патриоттық сезімін оятып жігерлендіре түсті.