«Менің отбасым – бақыт мекені» атты қалалық отбасылық форум

«Менің отбасым – бақыт мекені»  атты қалалық отбасылық форум

«Менің отбасым – бақыт мекені»

 атты қалалық отбасылық форум

АҚПАРАТЫ

 

25.11.2017ж күні Балқаш қаласы «№15 мектеп-лицейі» КММ  ұжымы және №4 ортамектеп ұжымы бірігіп, «Менің отбасым – бақыт мекені» атты Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық отбасылар форумын өткізді. Форумның мақсаты:ата –анамен мектеп қарым қатынасын күшейту, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухани байлықтарды дәріптеу.

Ашылу салатаны мектеп – лицейдің мәжіліс залында өтті.Қонақтардың құттықтау сөзінен кейін , ата-аналар  тақырып бойынша  аудиторияларға бөлінді.

1 аудитория  тақырыбы: «Әке жауапты - лауазым».

Әке – асқар тау,

Ана – мөлдір бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ. Бұл аудиторияда жиналған ата-аналар жағадағы құрақ, яғни бала тәрбиесінде мөлдір бұлақ - ана ғана емес, асқар тау - әкеміздің де атқаратын қызметінің зор екенін ұғындырды.

2 аудитория тақырыбы : «Әке жауапты- тұлға». Бұл тақырыпқа сәйкес тренинг 216 оқу бөлмесінде ұйымдастырылды. «Ұлағат әкелер кеңесі» қауымымен отбасындағы әкенің бала тәрбиесіндегі  рөлі, жайлы мәнді де мағыналы ойлар қозғалып, отбасы құндылықтары, ережелері тақырыбында топтық жұмыстар жасалды.

Сондай-ақ түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мектеп пен ата-ана арасында туындайтын сұрақтарды, бала мен ата-ана арасындағы ситуациялық жағдайларды шешу мәселелері қарастырылды. Әр әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау мақсатында психологиялық тест алынды. Тест қорытындысы бойынша әр әке өзіне мінездеме берді. Қорытынды бөлімде отбасындағы әке рөлі жайында бейнетаспа назарға ұсынылды

3 аудитория тақырыбы:«Ата-ана болу - жауаптыміндет». Бұлтақырыптағы тренинг сабақты №4 орта мектебініңұстаздарықауымыөткізді. Аудиториядағыата-анақауымыныңбасымкөпшілігіаналарболғанынақарамастан, әротбасымүшесініңрөлінсомдап, ситуациялықжағдайларданшығужолдарынқарастырды. Ата-ана мен бала орнынаөздерінқойыпкөрген, жауапкершіліктісезінгенаналарқауымы,ата-анаболудыңжауапкершілігінтағыбіртүсініп, тамаша бейнероликпен тренингті аяқтады.

4 аудитория тақырыбы: «Отбасылық құндылықтар»

№4 аудиторияда бастауыш сынып мұғалімдері Жуманова Г. М және Ш.Т. Жакупова ата-аналармен «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында тренинг өткізді. Семинар- тренингтің мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту,ата – анамен бірлесе отырып бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жауапкершіліктерін арттыру.

Тренинг барысында ата-аналар топпен жұмыс істей отырып бала тәрбиесіне байланысты жағдаяттарды шешті. Бейнетаспаларды көре отырып,  ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар- соңында «Сенің жұлдызың!»  атты аутотренинг жүргізіліп, ата-аналар өз балаларының болашағын елестетіп армандай отырып, «Тілек ағашына» орналастырды. Тренинг соңында келген ата-аналардың  ризашылықтары мен тілектері, алғыстары толассыз болды. Сонымен қатар осындай кездесулерді жиі ұйымдастырса, бала тәрбиесіндегі әкелер рөлінің артуына көп септігін тигізетіндігін тілге тиек етті.

Форумның қорытынды бөлімінде жеке секцияда талқыланған тақырыптар бойынша әр аудиториядан бір ата-ана өз ойын айтты.Балқаш қаласының Білім бөлімінің басшысы Г.Ж.Ағдарбекова форумға қатысқан ата-аналарға алғыс білдіріп, мектеп өміріне белсене ат салысып жүрген ата-аналарды марапаттады. Соңында №4  орта мектебі мен № 15 мектеп-лицей оқушыларының қатысуымен шағын концерт берілді.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін барша қонақтар мен ата-аналар мектеп-лицейдің ІІ қабатында орналасқан көрмені тамашалады.

            Елімізде ынтымағы жарасқан, тату – тәтті алтын діңгек отбасылар көп болсын!

 

 

Мектеп – лицей директоры:                      К.Ш.Дубирбекова

 

 

 

 

Орындаған :К.А .Бейсекина, Ж.Ш.Мейрам