Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы және оны қорғау.
Ақпарат
24.11.2017 ж. «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Имухаметова Торғын Саметовна 4«Б» сыныбында дүниетану пәнінен онлайн сабақ өткізді.
Сабақ тақырыбы: Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы және оны қорғау. Оқу мақсаты: өзендер мен көлдердің адам тіршілігі үшін маңызы және оны қорғау туралы түсіну, картадан көрсету. Сабақ барысында сынып оқушылары 3 топқа «Каспий» , «Арал» , «Балқаш» топтарына бөлініп жұмыс істеді. «Қадам бас» , ДЖИКСО әдісі, Ой жалғау,постер құрау «Конверт-сұрақ» стратегиясы тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындады.Бас бармақ арқылы бағалау, топ жұмысын бағалау, «Менің сөзім», «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» сияқты бағалау тәсілдері және кері байланыс жүзеге асырылды.