Өрлеу жаңартылған білім мазмұны

Өрлеу жаңартылған білім мазмұны

     17-қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» АҚ  филиалы Қарағанды облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты 17- қарашада  Балқаш  қаласы білім мекемелерінде «Өрлеу жаңартылған білім мазмұнымен» атты бағдарламамен әдістемелік десанты келді.Әдістемелік десанттың мақсаты:Қазақстан  Республикасында орта білім беру мазмұнын  жаңартау аясында біліктілікті арттыру  курстарынан өткен  мұғалімдерге курстан кейінгі  әдістемелік қолдау көрсету.  Әдістемелік десант  жаңартылған білім беру мазмұны  білім саласында қалай жүзеге  асып  жатқандығын  байқау мақсатында  Балқаш қаласының  №15 мектеп –лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдарованың  әдебиеттік оқу  сабағына қатысты. Бұл кезекте бастауыш сынып мұғалімі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсінген, меңгергенін көрсете білді.