«Жол қозғалысындағы қауіпсіздік» іс-шаралары

«Жол қозғалысындағы қауіпсіздік» іс-шаралары

«Балқаш қаласының  №15 мектеп-лицей» КММ

Мектепке дейінгі тәрбие және «Таңшуақ» шағын орталығында

13-19 қараша  аралығындағы «Жол қозғалысындағы қауіпсіздік»

іс-шаралары жоспар бойынша өткізілді.

13 қараша күні  «Жол қозғалысындағы қауіпсіздік» ережелері бойынша  мектепке дейінгі тәрбие топтары ата-аналарымен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Екінші кіші «Қызғалдақ» тобы тәрбиешісі Ташенова Ж Қ, мектепалды даярлық тобы мұғалімі : Ж.Б.Төлеухановалар  жол ережелері бойынша ата-анаға  кеңестер берді.

14 қараша  «Қамқоршы анам» акциясына  шағын орталық ата аналары белсенді ат салысты.Әр ата-ана баланың жолдан өту кезіндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында жылтырауық әсері бар заттар,киімдердер алып берді . Жылтырауық әсері бар киімдерді қандай мақсатта алып бергені туралы  «Раушан»  тобының ата-анасыАбильдина Нұргұлу Жанатовна  және  Ортаңғы  «Түймедақ»  тобының ата-анасы Иманбек Аймаш Ордабекқызы     өз ойларын ортаға салып көпшілікпен бөлісті.

16.11.күні-1 «А» мектепалды даярлық сыныбында екінші ауысымда  «Бағдаршам әмірі »  тақырыбында  ашық  ұйымдастырылған оқу қызметін вариативтік бөлім бойынша Сәулебек М .С және Жол белгілері» тақырыбында ашық  ұйымдастырылған оқу қызметін  3 «Б» Мектепалды даярлық сыныпбында А.Р.Төретай жүргізді.

15.11-17.11 күндері аралығында «Жол белгілері-біздің  достар», «Жүргізуші  менің өмірімді сақта!» -шығармашылық көрмелерін  мектепалды даярлық сыныптары, және мектепке дейінгі дамытушы тобы  тәрбиешілері мен мамандары Толеуханова Ж. Б, Қаппарова .А .С,Бидайбекова .А.Е, А.С.Естеновалар белсенді  ұйымдастыра білді.