«Алтын күз»

 «Алтын күз»

25.10.2017 ж. күні мектепалды даярлық сыныптарында  «Алтын күз» мерекесі болып өтті. Мақсаты: күз мезгіліне деген түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мерекеде балалар күз, жеміс-жидек, дәнді-дақылдар туралы тақпақтарын жатқа айтты. Сонымен қатар мерекенің сәніне айналған «Күз ханшайымы» мен «Дымбілмеспен» түрлі ойындар ойнап, өнерлерін көрсетті. Көрермендердің көзайымы болған "кемпірқосақ» биін қыз балалар нақышына келтіріп биледі. Мереке соңында «Күз ханшайымы» балаларға түрлі жемістер сыйға тартты.