Зиялы сенбі

Зиялы сенбі

Ақпарат

Біздің мектеп-лицей ұжымы қаламыздың 80 жылдық мерей тойына орай әр сенбіні  қаламызға еңбегі сіңген, білім және басқа салада қызмет етіп жүрген зиялы қауым  өкілдерімен  кездесуді дәстүрге айналдырған.

21 -қазан күні «Зиялы сенбінің» кездесуіне Республикалық ардагерлер Кеңесінің  мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаланың әдеби-мәдени өміріне  атсалысып,қойнауы құтты мекенімізге еңбегімен құрметке бөленген Балқаш қаласының Құрметті азаматы Совет КӘУКЕРБЕК  Кәукербекұлымен кездесу болып өтті. Кездесуді бастауыш сынып мұғалімі Сейткалиева Светлана Несипбеккызы өткізді. Кездесуге

Совет Кәукербекұлының шәкірті ,әрі   қаламыздың өркендеуіне өз үлесін қосқан азаматтың бірі,  құрметті  ата  Алипов Болатбек  Умиртаевич ,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дипломымен , ҚР Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның қосымша білім беру жүйесіндегі "100 танымал есім"  атты кітапқа енген ұстаз, күйші, әрі ата Надирбеков Жақсылық Рзаханұлы қатысты. Сонымен қатар кездесуге 3-сынып ата-аналары мен 8-9-сынып оқушылары қатысты. Қәукербек Советұлы мектеп кітапханасына «Ойдан ой»  кітабының 10 данасын сыйға тартты.