«М.Әуезов- қайталанбас тұлға» атты конференция.

«М.Әуезов- қайталанбас тұлға» атты  конференция.

13.10.17 жылы  Рәміздер залында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Б.Сұлтанова, Г.Сапарова, Қ.Тайжанова, Г.Серикова, Балқаш өңірі газетінің тілшісі Г.Кәукербекова, кітапханашылар Г.Башарова, Б.Тойшыбекова және 9 сынып оқушыларының қатысуымен  «М.Әуезов - қайталанбас тұлға» атты  қазақтың классик жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай шығармаларына арналған  оқырман конференциясы өтті.

Конференция барысында Ә. Ерғали, Н. Касенханова, М. Шакимурат 9 "А", Б. Сағым, Г. Мұхамеджанова, Б.Ұзақбай, Е.Сапар  9 "Б", Н. Шаймерденова, С. Дүйсенбаева 9 "В" сынып оқушылары жазушының табиғат көрінісін, оның әсемдігін асқан шеберлікпен, қазақ әйелдерінің аянышты ауыр халдерін, қарапайым адамдардың тағдыр - тіршіліктері жайлы жазылған нақты тарихи  шындықта жазылған туындылары жайлы   ойларымен бөлісіп, ғұлама  бабаның өмір жолы шығармашылығы жайлы  кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.