«М.Әуезов- қайталанбас тұлға»

«М.Әуезов- қайталанбас тұлға»

26.09.2017ж. Қазақтың классик жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығы кеңінен аталынуда. Осы мақсатта мектеп-лицей кітапханасында «М.Әуезов- қайталанбас тұлға» атты  мектеп-лицейдің көшбасшы оқушыларымен оқушылары «Жас өркен» жас тілшілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Бейсекинаның қатысуымен оқырман конференциясы өтті.Конференция барысында оқушылар жазушының табиғат көркін, оның әсемдігін асқан шеберлікпен, қазақ әйелдерінің аянышты ауыр халдерін, қарапайым адамдардың тағдыр-тіршіліктері жайлы жазылған нақты тарихи  шындықта жазылған туындылары жайлы  9 "Ә" сынып оқушылары Б.Сағым, Г.Мұхамеджанова, Б.Ұзақбай,  10 "А" сынып оқушысы Т.Сессиева 11 "А" сынып оқушысы Ж.Кусаиновалар  сүбелі ойларымен бөліссе, ғұлама  бабаның өмір жолы шығармашылығы жайлы  кітап көрмесі ұйымдастырылды.