Сөз зергері – ой заңғары М.Хамзин атындағы мысшылар сарайында өткізілгін Софы Сматаевпен кездесу

Сөз зергері – ой заңғары М.Хамзин атындағы мысшылар сарайында өткізілгін Софы Сматаевпен кездесу

28.09.17ж. Кешегісі  тарих, бүгіні бекем, болашағы жарқын -  Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойы аясында  қалалық М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері ақын, жазушы, драматург Софы Сматаев  «Сөз зергері – ой заңғары» атты кездесу кешін өткізді.Кешке қаланың Құрметті азаматтары, еңбек майталмандары, студент жастар, әдебиетті сүйетін көпшілік қауым қатысты.Ел мен жер, халық тарихы арқылы өмірдің бұралаң, қайшылықты даму сырларын көркем әдебиетте бейнелеп көрсете білгенін  кездесу барысында жазушы өзінің жүрек-жарды шығармаларын  Абылайхан, М.Әуезовпен, Нүрғиса, Қасым ағалармен сырласып, жан тебіреністегі жырларын оқыды. Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртістерінің орындауында С.Сматаевтың шығармаларына арналған пьесаларынан үзінді қойып, жиналған қауымды тәнті етті. Мектеп - лицейдің «Жас өркен» баспасөз тілшілері оқыған кітаптарына  автордан қол таңба алып, естелікке суретке түсті.  Кездесу соңында Софы Сматаевтың замандастары мен өнер сүйер қауым  лебіздерін  білдіріп,  сый-құрмет көрсетті.