«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» атты іс-шара

«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» атты іс-шара

9 қыркүйек күні «Біздің денсаулығымз өз қолымызда!» атты іс- шараның жоспары бекітіліп, арнайы мектеп-лицейішілік спорттық сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл күнгі сабақтардың ерекшелігі: барлық дене шынықтыру сабақтары спорт залында ғана емес, баскетбол, футбол алаңдарында, көпкешенді хоккей кортында  өткізілді.

Таңертеңгі көңілді жаттығумен басталған денсаулық күні 4 сыныптар арасындағы «Спорт – өмір көркі» атты көңілді мәремен жалғасты. Ал 7, 8, 9,11 сынып қыздарының арасында «Спорт – ол күш, спорт – ол өмір» атты баскетбол ойыны мен ұлдар арасындағы «Спорт – денсаулық кепілі» атты футбол жарысы ұйымдастырылды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 9 «Ә» сыныбының оқушыларымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты эстафеталық жүгіріс ойынын өткізіп, барша оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 Бастауыш сыныптың бүлдіршіндері бұл іс-шарадан тыс қалмады. Дене шынықтыру сабақтары барысында түрлі ерекше ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Балалардың көңілді әуенге қуана билегендерін көріп, спорт тек қана денімізді шынықтырмай, көңілімізді де көтеретіндігіне көзімізді жеткіздік.

Ал түстен кейінгі 5-6 сыныптар арасында «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!» тақырыбындағы қарама-қарсы эстафетасы жүргізілді. Балалардың барлығы жақсы ат салысып, «дені саудың - жаны  да сау»  деген сөздің дәлелі бола алды.

Денсаулық күніне арналған спорттық іс-шара  барлық оқушылардың қатысуымен өткен «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты үлкен флешмоб  биімен аяқталды. Барлық 1,3,4,7,8,9,10 сынып оқушылары қатысқан бұл флешмоб мектеп ауласындағы көпкешенді кортта өтті. Барлық спорт мұғалімдері оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, балалардың бойында спортқа деген қызығушылығын оятып, дені сау ұрпақ жарқын болашақ кепілі екендігіне көздерін жеткізді.