Размер шрифта:

1 қыркүйек Білім күніне орай өткен «Мен - елімнің патриотымын!» атты салтанатты жиын

1 қыркүйек Білім күніне орай өткен «Мен - елімнің патриотымын!» атты салтанатты жиын

1 қыркүйек Білім күні.

«Мен - елімнің патриотымын!» атты салтанатты жиын туралы ақпарат

2017-2018 оқу жылы өз жаңашылдығымен ерекшеленеді.1-қыркүйек Білім күні- Қазақстан Республикасының Ата  Заңының қабылданғанына 22 жыл   және Елбасымыздың «Мәңгілік ел» Патриоттық Актісінің, Рухани жаңғыру – болашақ бастауы» , «Туған жер» бағдарламалық баяндамасының аясында, кеншілер шаhары, мысты өлке Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына арқау болған «Мен –елімнің  патриотымын» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.

Салтанатты жиынға Балқаш қаласы білім бөлімінің бас маманы Айтжанова Бақыт Сүндетовна және мектеп – лицей ата-аналар ұжымы қатысты.

Салтанатты жиын барысында мектеп-лицейдің дарынды оқушылары, спорт толағайлары және 100 жылда бір болатын халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға барған оқушылар ата-аналарымен бірге өнер көрсетіп, табысты мектеп үшін ата-ана мен оқушы арақатынасындағы мақтаныш сезімін оятуы маңызды болып табылатынына тағы бір көзін жеткізді.

Сонымен қатар, мектеп-лицейіміздің «Шабыт» домбыра үйірмесінің оқушылары да ата-аналарымен бірге «Балбырауын» күйін орындады.

Салтанатты жиын басында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп , Қазақстан Республикасының гимні орындалды.

Биылғы мектеп –лицей табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастауыш сынып пәндері бойынша педагогикалық  біліктілігін арттыру курсын тәмамдаған  ұстаздар білім әлеміне жетеледі.

  

Салтанатты жиында мектеп директоры Қ.Ш.Дүбірбекова биылғы оқу жылының ерекше жыл екенін атап өтіп, мектебіміздің қалалық , облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде  жеткен жетістіктеріне тоқталып, мектеп – лицей ата-аналарын, қонақтарын  білім күнімен  құттықтады.

Салтанатты жиын «Рухани жаңғыру – болашақ бастауы» атты үгіт-насихат тобымен ерекшеленді. Бұл үгіт-насихатқа «Көшбасшылар» дарындылар мектебінің мүшелері, Жас Ұландар, «ЭКСПО-2017» көрмесіне барған оқушылар және еріктілер тобының мүшелері қатысып, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», «ЭКСПО-2017», «Балқаш қаласына -80 жыл» деген ауқымды тақырыптарда ой қозғалды. Оқушылар туған еліне, туған жеріне, мектебіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін  көрсетті.

       Мемлекеттік Ту ресми түрде шығарылғаннан кейін, мектеп-лицейіміздің «Назғұмыр» би тобы «Шашу» биімен келген қонақтарды тамсандырды.

Мектеп-лицей түлектерінің өмір жолын оқушыларға үлгі-өнеге ете отырып, 2017-2018 оқу жылын бастағалы отырған 11 А сынып оқушысы Мурзабекова Лаура барша бүлдіршіндерге алдыңғы толқын аға-апаларының ізін басып келе жатқандықтарын жеткізіп, шынайы тілектерін білдірді.Осыдан кейін ортаға «Жігер» тобының әншілері  «Қазақстан» әнімен барша қонақтардың патриоттық сезімін оятты.

Салтанатты жиынның бейресми бөлімінде 1 сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер «Мектепке мен барамын»  тақырыбында үш тілде жүрек жарды тақпақтарын арнады. Жиын «Назғұмыр» би тобының ортаңғы топ бишілерінің орындауындағы «Қоңырау» биімен жалғасты.

Алғашқы қоңырау соғу құрметі мектеп-лицей үздігі, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалар жеңімпазы Қасқабайұлы Темірланға және үш жастан бастап «Таңшуақ» орталығында білім алған Әбеу Аружан мен Төлеген Русланға берілді.

Осылайша мектеп-лицей табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылып, жиынның соңы патриоттық сабаққа ұласты.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Бейсекина К.А, Жакупова Ш.Т