Тілдер мерекесіне орай мектепалды даярлық сыныптарында «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі сөз!» ашық тәрбие сағаты болып өтті.
22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай мектепалды даярлық сыныптарында «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі сөз!» ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Мақсаты: балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілетін арттыру. Оқушылар тіл туралы жаттаған тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. Мақал-мәтел жалғастыру ойынында балалар өз белсенділіктерін танытты. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың, жазушылардың сөз қолданысына аса назар аудару керектігі баса айтып өтілді.
Дата: 25.09.2017, 4:02 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі