16.09.2017 күні табиғат жауһары, көкше көлдің жағасында орналасқан мыс шаһары – Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойы «Туған күніңмен, сүйікті қалам Балқашым» тақырыбымен аталып өтті.

16.09.2017 күні табиғат жауһары, көкше көлдің жағасында орналасқан мыс шаһары – Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойы  «Туған күніңмен, сүйікті қалам Балқашым» тақырыбымен аталып өтті.

№15 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы және оқушылары мерейтойдың өтуіне ат салысты. Көл жағасында орналасқан ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар, батырлар үнін, рухани мәдениетімізден сыр шертетін «Ұлы Даланың батырлары мен билері» атты киіз үйін құрып, Жидебай батыр, Ағыбай батыр, Қарменде би рөлдерін сомдап, халыққа паш етті. Ұйымдастырушы қоғамдық-гуманитарлық кафедра ұжымы және 11 А сынып ұжымы.

        М.Хамзин атындағы мысшылар сарайында өткен салтанатты жиында мектеп-лицейдің «Ұландар» ұл балалар хоры «Балқаш қаласының Гимнін» орындады.

       «Туған қалам, саған арнаймын» жемістер көрмесінің жоғары дәрежеде өтуіне 3 Г сынып ұжымы, ата-аналар комитеті зор үлесін қосты. Сынып жетекші: Джумартова Жадыра Муратовна.

         «Жемістер» флешмобында 5 А және 6 Ә сынып оқушылары өнер көрсетіп, көрермендер көзайымы болды.

«Металлург» стадионында өткен театрландырылған койылымға мектеп-лицейдің 230-дан астам оқушысы қатысып, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін білдірді.