Демалушылар «Шебер қолдар» тақырыбында қағаздан, матадан жасалған ерекше гүлдер сайысына түсіп өз қол өнерлерін белсенді түрде көрсете алды

Демалушылар  «Шебер қолдар» тақырыбында қағаздан, матадан жасалған ерекше гүлдер сайысына түсіп өз қол өнерлерін  белсенді түрде көрсете алды

24.07.2017ж «Балқаш  қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  III-кезеңінің  демалушылары  үшін  шығармашылық күн  болды.  Себебі, демалушылар  «Шебер қолдар» тақырыбында қағаздан, матадан жасалған ерекше гүлдер сайысына түсіп өз қол өнерлерін  белсенді түрде көрсете алды. Бұл байқауда  біздің қолға  алған мақсатымыз демалушыларға  өз бетімен жұмыс жасауға  мүмкіндік беріп, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді  сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу болатын. Өзінің  шеберлігін  аса  жоғары  бағада  көрсеткен  Енсепов Мейіржан  өз ойынан жасап  шығарған  гүлін көрсетіп біршама  алға шықты.  Екінші  сатыға  көтерілген  Алтай  Арсен  қызғалдақ  гүлін  бүктеу (оригама) тәсілімен жасап  шықты. Қалдыбаев  Дарханның  орындаған  жұмысын қарай отырып,  үшінші  шебер  қолдар  қатарына қостық. Сонымен  қатар , демалушылар  дойбы ойынын ойнап  көңіл көтерді.