«Денсаулығым-байлығым» атты спорттық марафон

«Денсаулығым-байлығым» атты спорттық марафон

24.07.2017ж «Балқаш  қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  III-кезеңінің  демалушылары  «Денсаулығым-байлығым» атты спорттық марафонға  қатысты. Спорттық марафонның басты мақсаты демалушылардың  денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау, спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау  болып табылды. Спорттық  марафоннан кейін  демалушылар  «Асық  ату», «Қыз  қуу» ұлттық  ойындарын  ойнады.Спорттық  марафон мен ұлттық ойындардың  арты  дене шынықтыру мұғалімімен бірге футбол ойынына ұласты.