Демалушылар бояулар патшалығына қонаққа барып бояу ханшайыммен танысты

Демалушылар  бояулар патшалығына  қонаққа  барып  бояу ханшайыммен танысты

25.07.2017ж «Балқаш  қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  III-кезеңінде  демалушылар  бояулар патшалығына  қонаққа  барып  бояу ханшайыммен танысты. Бояу ханшайымының ұсынысы бойынша демалушылар  екі түстен үшінші түс шығарып  тәжірибе  жасады. Артынша  әр демалушы  «Біз-табиғат қамқоршысымыз» тақырыбында  плакаттар сайысына түсті.Сайыс барысында басты мақсат  демалушылардың бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттырып, қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру болып табылды.