«Жасыл дәріхана» тақырыбында жәндіктердің шағуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы сұхбат жүргізілді

«Жасыл дәріхана»  тақырыбында  жәндіктердің  шағуы  кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы  сұхбат жүргізілді

24.07.2017ж «Балқаш  қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  III-кезеңінде  демалушылар  саябаққа  саяхат жасады. Ол жерде балалармен «Жасыл дәріхана»  тақырыбында  жәндіктердің  шағуы  кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы  сұхбат жүргізілді. Сұхбат  барысында  демалушылар  өздерінің ойларын айтты.  Сонымен қатар, «Менің  айналадағы  әлемім» асфальттағы сурет сайысы  өтті. Сайыс кезінде әр бала  айналасында болып жатқан  дүниелерді  салды.  «EXPO-2017» көрмесін салып 1 орынға иелік еткен Енсепов Мейіржан  өзінің салған суретінің тақырыбын атап оны қорғап берді. Әнші  Ерке  Есмаханды  салған  Бейімбетова  Ақжан  өзінің  осы әншінің әндерін сүйіп тыңдайтынын және болашақта осындай әнші  ару қыз сияқты болғысы келетінін айтып 2 орынға ие болды. Компьютердегі вирусты  өлтіретін  электронды машина ойлап салған Алдонгаров Арсен 3 орынға шықты. Осылайша демалушылар  өз ойларын, армандарын  шарықтата түсті.