«Көңілді ноталар» тақырыбында өткен музыкалық фестиваль

«Көңілді  ноталар» тақырыбында өткен  музыкалық фестиваль

21.07.2017ж «Балқаш  қаласының № 15 мектеп-лицейі» КММ «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының  III-кезеңі  демалушылар үшін көңілді  күн болды. «Көңілді  ноталар» тақырыбында өткен  музыкалық фестивальде  демалушылар  ән айтып, би биледі. Музыкалық  фестивальді Енсепов  Мейіржан  әнші Төреғали  Төреәлінің «Ерке қыз» әнімен  ашып берсе, Қалдыбаев  Аңсар қазақ халқының ұлттық  биіне  айналған «Қара жорға» биімен жалғастырды. «Балдәурен» жазғы  сауықтыру орталығының  ең сүйкімді қызы  Бейімбетова Ақжан «Қошақаным қайда екен?!» әнін орындады.Сонымен бірге,  ұл балаларымыз Полат Хамза, Алдонгаров Арсен, Алтай Арсен  өздерінің өнерлерін  қазіргі заман талабына сай тамаша «Реп» биімен көрсете алды. «Әуенді тап» ойын барысында  балалар  көптеген әндер мен әншілерді танитындарын  байқатты. Музыкалық фестиваль  «Кел билейік» флешмоб биімен  аяқталды. Барлық қатысушыларға  «Өнерің  биікке жетелесін Балақай!» -дей отырып  мадақтамалар  табыс етілді.