«Денсаулық» күні
11 шілде күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары үшін «Денсаулық» күні болып өтті. Бұл күні демалушыларымыз мектеп-лицей алаңында спорт түрлерінің ішінен денені шынықтыруға арналған футбол ойынын ойнады. Ойынды дене шынықтыру мұғалімі Д.Даригулов балаларға қалай ойнау керектігі жайлы нұсқау беріп жүргізді. Ойын барысында ер балалар шапшаңдық танытып, алғырлығын көрсетті. Сонымен қатар, ойын залында топ тәрбиешілері К.Бекболатқызы мен Э.Курманбековна демалушылармен «Ең,ең,ең...ғажайып жаңалықтар» атты қызықты әрі таң қаларлық әлем жаңалықтары туралы айтып, «Ыстық-суық» деген сұрақ-жауаптар алды. Бүгінгі күн демалушылар үшін өте көңілді әрі қызыққа толы болды.
Дата: 11.07.2017, 9:25 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі