«Үйірмелер» күні

«Үйірмелер» күні

3 шілде «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары үшін өте ерекше, есте қаларлық маңызды күн болды. Себебі, «Көне Тараздан- асқақ Астанаға» этнографиялық керуені облыс орталығы тарихи Тараз қаласынан Елордамызға қарай бет алған болатын. Бүгінде жалауы желбіреп, елімізді әлемге танытқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барар жолда мыс ордамыз-Балқаш қаламызғада жетті. Осындай үлкен керуенді біздің «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларыда қарсы алып керуенді сүйсіне тамашалады. Сондай-ақ демалшылармен мектеп-лицей алаңында қазақтың ұлттық ойындарын еске түсіріп, топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен көнеден келе жатқан «Қыз қуу» деп аталатын ойынын ойнады.