«Ескерткіштер сыр шертеді»

«Ескерткіштер сыр шертеді»

29 маусым күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары үшін бір керекшелігімен орын алды. Себебі, балалар Балқаш қаламыздағы жылдар бойғы тарихы бар ескерткіштерге саяхат жасады. Балаларға ескерткіштердің шынайы мағынасы түсіндірілді. Қаламыздағы 2007 жылы Тәуелсіздік алаңында бой көтерген Ағыбай батырға арналған ескерткішіне, домбырашы, күйші-композитор Мағауия Хамзин атындағы ескерткіштеріне барып, тарихын еске түсіріп, көл жағалауындағы «Мен Балқашты сүйемін» монументінің бойында серуенеп көңілді қайтты.