«Ертегілер еліне саяхат»

  «Ертегілер еліне саяхат»

     «Ертегілер еліне саяхат»

27 маусым күні демалушылар  жоспар бойынша бекітілген ертегілер еліне саяхат жасады. «Кішкентай Маса» ертегісін оқып, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін бояды. Сондай-ақ ертегіні мазмұндай отыра сахналық көріністер қоя білді. Әр ертегі кейіпкерлерінің түр сипаттарын, қимылдарын қайталап, әртістік шеберліктерін көрсетті. Соңында кішкентай бүлдіршіндер ән айтып, би биледі.

 Сонымен қатар «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары  мектеп-лицейі алаңында әр-түрлі қозғалмалы,  қимылды спорттық ойындар ойнады.