«Кел балалар, достасайық!»

«Кел балалар, достасайық!»

23-маусым күні жазғы сауықтыру орталығында «Кел балалар, достасайық!» күні аталып өтті. Аталған күні демалушыларымыз мектеп-лицей ауласында «Менің досым» тақырыбында тасжолға әр-түрлі түстердегі борлармен суреттер салды. Бірі өзінің жақын досының суретін салса, енді біреуі алыс жақта жүрген достарының суреттерін бейнеледі.  Сонымен қатар «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары «Достық деген не?» тақырыбында пікірлерін айтып, тәрбиешілермен ойларын бөлісті. «Дос қандай болу керек?, кімдер маған дос бола алады?»-деген сияқты көптеген сауалдарға толық қанды жауаптарын алды. Сондай-ақ мектеп-лицей ауласында әр түрлі қимылды ойындар ойнап денелерін шынықтырды.