«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары «Өрт сөндірушілер» орталығына саяхат жасады.

«Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары  «Өрт сөндірушілер»  орталығына саяхат жасады.

14  маусым күні Өрт қауіпсіздігінің  негізгі ережесін, өмір қауіпсіздігін сақтау керектігі  мақсатында «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары қаламыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі «Өрт сөндірушілер»  орталығына саяхат жасады.

    «Балдәурен»  жазғы сауықтыру орталығының демалушыларын «Өрт сөндіру»  орталығының  маманы Ирина Ивановна қарсы алып,   өрт  қауіпсіздік ережелерімен және өрт болған жағдайдағы көрсетілетін  алғашқы көмек түрлері туралы әңгіме жүргізіп және де әр түрлі өрт сөндіру көліктерімен таныстырып өтті.  «Балдәурен» демалушылары өрт болған жағдайда қайғылы оқиғалардың алдын алуда көмек көрсететін аталған станцияның қызметкерлерін ерекше ықыласпен тыңдап, халыққа адал қызмет етіп жүрген осындай жандар бар екендіктерін мақтанышпен айтып, өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдірді.