Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі!

Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі!

           12.06.2017 күні  «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі!» атты мектеп  бітірушілер кеші  өтті. Кешті мектеп-лицейдің 10-сынып оқушылары ұйымдастырды. Жас түлектерді мектеп алдында және І қабат «Көшбасшылар» залында жанды дәлізбен қарсы алды.

          Кешке мектеп-лицей ұстаздары, ата-аналар қатысты. 2016-2017 оқу жылында өткен дәстүрлі мектеп бітіруші түлектер кеші ерекшелігімен есте қалды. Бітіруші 18 түлектің ішінен білім қоржынын «Алтын белгімен» толықтырған оқушыларды мақтанышпен айта аламыз: Баянтаева Анеля, Садырбаева Зарина. Кеште мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова , ардагер ұстаз, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері Н.Ғ.Жунус құттықтау сөз сөйлеп әр оқушының жетістігіне тоқталып өтіп, түлектерге ақ жол тіледі.

          Жас түлектердің ата – аналарына алғыс хат тапсырылды.11- сынып жетекшісі шәкірттеріне жүрек жарды тілегін білдіріп, дәстүрлі мектеп-лицей кубогын 10 «А» сынып жетекшісі Серикова Г.А. тапсырды. Кеш көңілді ән мен биге жалғасты.