Жаз ханшайымы – 2017

Жаз ханшайымы – 2017

        12 маусым  күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» жанындағы  «Балдәурен» сауықтыру орталығында «Жаз ханшайымы – 2017 » атты байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік – әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.Сайысқа «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының қыздары  қатысып, өз бақтарын сынады. Байқаудың кезеңдер бойынша өтті : 1 – кезеңде: «Сәлемдесу» бұл байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырды.  2 – кезеңде : «Өз өнері» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетті. Бірі ән айтса, бірі биледі. 3 – кезеңде: «Сән үлгісі» бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетті. 4- кезеңде: «Сен білесің бе?» Бұл бөлімде аруларымызға сұрақтар қойылып, жауаптары  тыңдалды.

Байқауға екі топтан 8 қыз бақсынасып, нәтижесінде «Жаз ханшайымы -2017» атағына Тишбек Айгерім ие болды. Қалған 7 аруларымызды номинациямен марапаттады.